Accessibility links

Ресей премьер-министрі Путиннің Қытайға сапары басталады


Ресей премьер-министрі Владимир Путин бүгін үшкүндік жұмыс сапарымен Қытайға барады.

Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы сапар барысында екі жақ бірқатар келісімдер қабылдайды. Солардың бірі Ресей аумағында жылдамдығы жоғары теміржол қатынасын дамытуды қарастырады. Сондай-ақ Владимир Путин мен Қытай премьер-министрі Вэнь Цзябао баллистикалық зымырандары ұшырылған жағдайда оны өзара ескертіп отыру туралы келісімге қол қоятындығы хабарланған болатын.

Путиннің ҚХР-на сапары екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасына 60 жыл толуы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің Пекинде өтіп жатқан жиынына сәйкес келіп отыр.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG