Accessibility links

Уго Чавес: Барак Обама Нобель сыйлығына лайықты емес


Венсуэла президенті Уго Чавес Барак Обама бейбітшілік үшін Нобель сыйлығына лайықты емес деп мәлімдеді.

Чавестің пікірінше, АҚШ-тың қазіргі президенті мемлекеттер арасындағы бейбітшілік байланыстарды нығайтудың орнына, бұған дейін билікті басқарған Джордж Буштың соғысшыл саясатын жалғастырып отырғандай көрінеді.

Нобель комитетінің өткен аптадағы шешімінде 2009 жылғы бейбітшілік сыйлығы Обамаға халықтар арасындағы ынтымақтастық пен халықаралық дипломатияны нығайтуға қосқан үлесі үшін берілгендігі айтылған.

Әсіресе Обаманың ядросыз әлемге ұмтылысы атап көрсетілді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG