Accessibility links

Ресей және Армения президенттері Мәскеуде кездеседі


Ресей және Армения президенттері Дмитрий Медведев пен Серж Саргсян дүйсенбі күні Мәскеуде экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөздер өткізеді.

Хабарларға қарағанда, кездесуде Таулы Қарабах проблемасын реттеу жолдары да талқылануы мүмкін.

Саргсянның Мәскеуге сапары өткен сенбі күні Цюрихте Түркия мен Армения арасында дипломатиялық қарым-қатынасты орнату туралы екіжақты хаттаманы қабылдағаннан кейін болып отыр. Бұл жағдай Әзірбайжан тарапынан сынға ұшыраған болатын. Кейін Түркия премьер-министрі Реджеп Эрдоған өзінің елі шекараны ашу келісімін Таулы Қарабах жанжалы шешілмейінше мақұлдамайтындығын мәлімдеген еді.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG