Accessibility links

Бүгін президент Назарбаев Алматыға келеді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбі күні түстен кейін Алматыға ұшып келеді деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.

Сейсенбі күні Назарбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған мерекелік шараларға қатысады. Атап айтқанда, президент ҚазМУ ғимаратында республикадағы білім мәселелері туралы дәріс оқиды деп жоспарланған.

Сәрсенбі күні Назарбаевтың Шаңырақ ықшам ауданындағы спорттық мектеп интернатқа баратындығы, одан соң Астана алаңында қала билігі президентке «Жол картасы» бағдарламасының орындалу барысымен таныстыратындығы хабарланып отыр.

Бұдан бөлек, Назарбаев Алматы облысындағы бірқатар нысандарда болып, «Ақсеңгір» өндірістік-логистикалық кешеннің ашылу салтанатына қатысады деп жоспарланған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG