Accessibility links

Израиль вице-премьері Либерман: Шейнкман ісі заң негізінде қаралуы тиіс


Жұмыс бабымен Қазақстанға келген Израиль вице-премьері әрі сыртқы істер министрі Авигдор Либерман Израиль азаматы Борис Шейнкманның ісі заң негізінде қаралуы тиіс деп мәлімдеді.

Дүйсенбі күні Астанада журналистермен кездескен Либерман заң процестеріне араласуды жөн деп санамайтындығын, сондай-ақ Шейнкман ісімен елшілік айналысып жатқандығын атап көрсетті.

Қазақстанның ҰҚК биыл 30 наурызда Қазақстанда израильдік әскери өнеркәсіп компаниясының мүддесін қорғаушы Израиль азаматы Шейнкманға алаяқтық фактісі бойынша айып таққан болатын. Қазіргі таңда Шейнкман ҰҚК астаналық тергеу абақтысында отыр.
XS
SM
MD
LG