Accessibility links

Қытайдағы толқуларға байланысты 6 адам өлім жазасына кесілді


Қытайдың батысындағы Шыңжаң аймағында шілде айындағы толқуларда тіркелген қылмыстарға байланысты 6 адам өлім жазасына кесілді. Оларға адам өлтірді және тағы басқа қылмыстарды жасады деген айып тағылды. Ресми Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, бүгін Үрімжідегі сот жетінші азаматты өмір бойы бас бостандығынан айырған.

Шілде айында орын алған этникалық толқуларда шамамен 200 адам өлтірілді. Аймақтағы қытайлық хан өкілдері мен ұйғыр мұсылмандары арасындағы теке-тірес өрши түсті.
XS
SM
MD
LG