Accessibility links

Пәкістандағы шабуылдан құрбан болғандардың саны өсті


Пәкістанның тынышсыз Суат жазығының жанында орын алған жарылыстан кемінде 24 адам қаза тапты. Шангла ауданында әскери көлікке бағытталған шабуылдан сондай-ақ ондаған кісі жарақат алды. Бұл жанкештілік жарылыс болды делінеді.

Осы жылдың басында Пәкістан қауіпсіздік күштері Суатта Талибан бүлікшілеріне қарсы ауқымды операциясын бастаған болатын.

Басқа да хабарларға қарағанда, демалыс күндері Рауалпинди қаласындағы армияның штаб-пәтеріне жасалған шабуылға байланысты жауапкершілікті пәкістандық Талибан қозғалысы өз мойнына алып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG