Accessibility links

Иран Клинтонның ескертуін қабылдамады


Иран өзінің ядролық бағдарламасына байланысты АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның ескертулерін қабылдамады. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хассан Гашгави Иран халықаралық заңды бұзды деген айыптарды жоққа шығарып, Теһран "қауіп-қатерлер мен соңғы мерзімдер және кестелер" туралы кез келген мәлімдемені қабылдамайды деп атап көрсетті.

Жексенбі күні Клинтон әлемнің алпауыт елдерінің шыдамы таусылып жатыр деп ескертті. Оның айтуынша, Теһран ядролық қару жасамай жатқанын дәлелдеуі тиіс.
XS
SM
MD
LG