Accessibility links

Ресейдегі сайлауда биліктегі партия жеңіске жетті


Ресей билігіндегі "Единая Россия" партиясы жексенбі күнгі жергілікті сайлауларда жеңіске жетті.

Сайлаудың бастапқы қорытындыларына қарағанда, "Единая Россия" дерлік барлық сайлау учаскелерінде жетістікке жеткен. Бұл партияның үміткерлері қалалық, аймақтық және аудандық қызметтер үшін сайлауға түскен болатын.

Мәскеуде биліктегі партия 66 пайыз дауыс жинаса, Коммунистер 13 пайыз дауысты иеленген. Сөйтіп тек осы екі партия ғана Мәскеу парламентіндегі орындарға ие болып отыр себебі олар 7 пайыздық межеден өткен. Ал оппозициялық либералды "Яблоко" партиясы тек 5 пайыз дауысқа қол жеткізіп, парламенттегі орнынан айырылды.

Оппозициялық кандидаттар мен сайлау бақылаушыларының айтуынша, сайлауларда болған заңбұзушылықтар президент Дмитрий Медведевтің демократияны күшейту жөніндегі уәдесін орындамай жатқанын көрсетеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG