Accessibility links

Экономикадан Нобель сыйлығының лауреаттары жарияланды


Экономика бойынша Нобель сыйлығы екі американдық азаматқа берілді. 2009 жылғы бұл сыйлықты Элинор Остром мен Оливер Е.Уиллиамсон жеңіп алды.

Швеция комитеті бұл екі азаматты экономикалық басқару саласындағы талдауы үшін Нобель сыйлығымен марапаттағанын айтып отыр.

Экономика бойынша Нобель сыйлығы осы жылы жарияланған 6 жүлденің ең соңғысы боп табылады. Оны Швецияның орталық банкі Алфред Нобельдің естелігіне арнап жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG