Accessibility links

Британия екі ирандық фирмамен сауданы доғарды


Британия өзінің қаржы компанияларына екі ирандық фирмамен барлық бизнесті тоқтатуды бұйырды. Иранның "Меллат банкі" мен "Иранның тасымалдау жолдары" компаниялары Теһранның ядролық қару жасауына көмектесуде деп күдіктеліп отыр. Бұл екі компанияға АҚШ санкция енгізген болатын.

Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қару дамытуда деп қауіптенеді бірақ Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.

Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың баспасөз кеңесшісі "Рейтерс" агенттігіне берген сұхбатында санкциялар Иранға зиян келтірмейді деген.
XS
SM
MD
LG