Accessibility links

Ауғанстанда 20 бүлікші өлтірілді


Ауған ресмилерінің мәлімдеуінше, шетел күштері мен ауған әскерилерінің операциясы барысында 20 Талибан бүлікшісі өлтіріліп, бірнешеуі қамауға алынған.

Елдің оңтүстігіндегі шекаралық полиция қолбасшысы генерал Сайфулла Хаким жексенбі күні Қандағар өлкесінің Шорабак ауданында 14 содырдың көзі жойылды деп хабарлады. Ал Ауғанстан ұлттық армиясының атап көрсетуінше, жексенбі күні Хелманд өлкесінде 3 тәліп өлтіріліп, екеуі тұтқындалған.

Сонымен қатар Кабулдағы қорғаныс министрлігі Забул өлкесінің Омар Хил ауылында үш бүлікші өлтірілді деп хабарлады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG