Accessibility links

Президент Назарбаев бүгін Алматыда бірқатар кездесулер өткізеді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған мерекелік шараларға қатысады. Сондай-ақ, президент ҚазМУ ғимаратында республикадағы білім мәселелері туралы дәріс оқиды деп жоспарланған.

Сонымен қатар, бүгін Назарбаевтың Шаңырақ ықшам ауданындағы спорттық мектеп интернатқа баратындығы, одан соң Астана алаңында қала билігі президентке «Жол картасы» бағдарламасының орындалу барысымен таныстыратындығы хабарланып отыр.

Бұдан бөлек, Назарбаев Алматы облысындағы бірқатар нысандарда болып, «Ақсеңгір» өндірістік-логистикалық кешеннің ашылу салтанатына қатысады деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG