Accessibility links

Қытай және Ресей премьер-министрлері Пекинде келіссөздер өткізеді


Ресей премьер-министрі Владимир Путин бүгін қытайлық әріптесі Вэнь Цзябаомен келіссөздер жүргізеді.

Кездесу барысында энергетика, инфрақұрылым және телекоммуникация саласында – барлығын қосқанда 5 миллиардтан астам долларға бағаланатын келісімшарттарға қол қойылады деп жоспарланған.

Одан соң Қытай және Ресей премьер-министрлері екі елдің кәсіпкерлерімен кездеспек. Пекиндегі форумға қатысу үшін жүзге жуық ресейлік кәсіпкер Қытайға барды.
XS
SM
MD
LG