Accessibility links

АҚШ: Талибан қозғалысының қаржылай жағдайы Әл-Қаидадан жақсы


АҚШ-тың федералдық қазынашысы Ауғанстандағы Талибан қозғалысы Әл-Қаидаға қарағанда жақсы қаржыландырылады деп мәлімдеді.

Мекеме өкілі Дэвид Конэннің айтуынша, тәлібтер ақшаны есірткі өндіру мен оны сыртқа шығарудан табады.

Сарапшылардың болжамына қарағанда, Әл-Қаиданың ықпалы қазіргі таңда әлсіреп келеді. Конэннің айтуынша, АҚШ пен оның одақтастары топтың қаржы көздерін жауып тастаған соң Әл-Қаида осындай жағдайға ұшырап отыр. Қаржы тапшылығына байланысты Әл-Қаида осы жылдың алғашқы жартысында өзінің жақтастарынан төрт мәрте көмек сұрауға мәжбүр болған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG