Accessibility links

Астанада жексенбідегі ірі көлік апатына кінәлілер 10 жылға дейін сотталуы мүмкін


Астана қаласында жексенбі күні ауыр жол апатына кінәлілер 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін деп мәлімдеді қалалық ішкі істер департаментінің өкілі. Бұған дейін ішкі істер министрлігі апатқа ұшыраған автокөлік жүргізушілерінің қанынан алкоголь табылмағандығын хабарлаған болатын.

11 қазан күні түстен кейін Астанадағы жол бойында екі автокөлік соғысып, олар автобус аялдамасындағы тұрғындарға ұрынған. Соның салдарынан автобус күтіп тұрған екі әйел қаза болып, тағы жеті кісі, соның ішінде бес әскери қызметкер түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG