Accessibility links

Сиднейде ардагер спортшылар Олимпиадасы басталды


Австралияның Сидней қаласында спорт ардагерлерінің VII Дүниежүзілік ойындары басталды. Ардагерлердің Олимпиада ойындарына әлемнің жүзден астам елінен 25 мың спортшы жиналды.

Ойындардың ашылу салтанатында Қазақстан туын 46 жастағы павлодарлық велошабандоз Михаил Дюженко көтеріп шықты деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.

Ардагер спортшылардың Олимпиада ойындары алғаш рет 1985 жылы Торонто қаласында өткен болатын.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG