Accessibility links

Ұйғырлардың көсемі Қытай сотына қарсы


Дүниежүзілік ұйғыр конгресінің қуғында жүрген көсемі Рабия Қадир Қытай сотының дүйсенбі күні ұйғырларды өлім жазасына кескен шешімдері тек ұйғыр халқының ащы наразылығын туғызады және тыныштық пен тұрақтылық орнатуға кепіл бола алмайды деп мәлімдеді.

Дүйсенбі күні Шыңжаң-ұйғыр автономиялы ауданының әкімшілік астанасы – Үрімжі қаласында шілде айындағы жаппай ұлтаралық қақтығыс кезінде «кісі өлтірді» және «тағы басқа ауыр қылмыс істеді» дегене ауыр айыптар бойынша 6 кісі өлім жазасына кесілді. Қақтығыс кезінде 200-дей адам құрбан болды.
XS
SM
MD
LG