Accessibility links

Иран оппозициялық саясаткерді қудалауда


Иранда президент сайлауына үміткер болып түскен саясаткер Меһди Карубидің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ресми билік Карубидің оппозицияның наразылық ереуіне қатысқандардың кейбірін түрмеде зорлағаны туралы мәлімдемесін «жала» деп тапты.
12 маусымда болып өткен президент сайлауында Меһди Каруби мәреге төртінші болып жетті. Ресми мәліметке сәйкес, үлкен басымдықпен қазіргі президент Махмуд Ахмадинеджад жеңіске жетті.
Саяси оппозиция сайлау барысында жаппай бұрмалаушылыққа жол берілгенін мәлімдеп, соған қарсы талай жаппай наразылық шеруін өткізді.
XS
SM
MD
LG