Accessibility links

Британия Ауғанстанға тағы 500 әскер жібереді


Британия премьер-министрі Гордон Браун Ауғанстанға қосымша 500 жасақ жіберуге келісті.

Бұл туралы парламентте мәлімдеген Браун егер НАТО-ның басқа да одақтастары әскерлері санын өсіріп, көбірек ауған күші жаттығудан өтетін болса, британдық күштер қажетті жабдықтары болған соң жөнелтіледі деді.

Бүгінде Британияның Ауғанстанда 9 мың әскері бар, бұл Құрама Штаттардан кейінгі осы елдегі екінші үлкен контингент болып отыр.

Британияның 2001 жылы АҚШ бастаған соғысқа қатысуы мен ондағы әскер шығынының 221-ге жетуі қоғамда наразылықтар тудырды.
XS
SM
MD
LG