Accessibility links

ЮНЕСКО ұйымын алғаш рет әйел басқармақ


Бүгін ЮНЕСКО Бас конференциясы ұйымның бас директорлығына Болгарияның өкілі Ирина Бокова бектілімек. Кезінде Мәскеу халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған Ирина Бокова аталған ұйымды басқаратын алғашқы әйел болмақ.

Болгарияның Франция мен ЮНЕСКО жанындағы елшісі Ирина Бокова 22 қыркүйекте өткен сайлауда сегіз кандидатты басып озып, жеңіске жеткен еді.

Атқару кеңесі ЮНЕСКО ұйымының тарихында алғаш рет бес кезеңнен тұратын сайлау өткізіп, төртінші кезеңде Египеттің мәдениет министрі Фарук Хоснимен тең түскен Бокова бесінші кезеңде 4 дауыс артық алып, алға шықты.
XS
SM
MD
LG