Accessibility links

Қарағанды облысында балалар үйінің тәрбиеленушілері уланып қалған


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні Қарағанды облысының Сәтпаев қаласына жақын Жезқазған ауылындағы «Мерей» балалар үйінің үш тәрбиеленушісі белгісіз нәрседен уланып, ауруханаға түскен.

Балалар үйінің бір тәрбиеленушісі түсініксіз улану диагнозымен жан сақтау бөліміне жатқызылған. Оның қалған екі сыныптасы медициналық көмек көрсетуден кейін үйлеріне жіберілген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG