Accessibility links

Қазақстанда Иранға ұн экспорттайтын кешен ашылмақ


Шортанды ауылында ұн мен кебек шығарып, Иранға экспорттайтын диірмен кешенінің құрылысы аяқталуға жақын, — деп хабарлайды КазахЗерно газеті.

Басылымның мәліметінше, аталған кешен тәулігіне 120 тонна дәнді қайта өңдеуден өткізбек. Бұған қоса 7,5 мың тоннаға есептелген мини-элеватор жұмыс істейді.

Кешеннің негізгі өнімі ұнға қоса сапалы кебек шығаруға көңіл бөлінуде. Мұнда тәулігіне 600 тонна түйіршіктелген кебек шығару жоспарланған.

Жұмысын қараша айында бастайтын кешен өнімдерінің негізгі бөлігі экспортқа шығаруға бағытталған.
XS
SM
MD
LG