Accessibility links

Солтүстік Қазақстандағы туберкулез диспансерінде адам өлімі болды


Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің хабарлауынша, Петропавлда облыстық туберкулезге қарсы диспансерде кісі өлтіру оқиғасы болған.

Жанжалдасып қалған екі науқастың бірі екіншісіне пышақ салған, соның салдарынан әлгі адам көз жұмған. Өкпе аурулары бөлімінде болған оқыс оқиғаға куәгерлердің айтуынша, жанжалдасардан бұрын сотталған науқастардың көбі спиртті ішімдік ішкен. Ішімдік таусылған кезде қызылжарлық 60 жастағы науқас 47 жастағы көршісіне араққа баруды бұйырған. Көршісінің бейпіл сөзбен қайтарған жауабынан кейін ол оның қарнына пышақ салып алған.

Қазір бұдан бұрын екі рет сотталған күдікті уақытша ұстау абақтысына қамауда отыр.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG