Accessibility links

Кишиневтегі жарылыста 40 кісі жараланды


Молдово астанасының орталығында орын алған граната жарылысынан 40 шақты адам жарақат алды.

Сәрсенбі күні кешкісін Кишинев алаңында қала күні мерекесіне орай өтіп жатқан концерт кезінде жарылыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, жараланғандардың бесеуі қатты күйікке шалынған.

Ішкі істер министрі Виктор Катан тергеу амалдары жарылған гранатаның әскери мақсатта пайдаланылатын қару екенін көрсетті деген. Бірақ ол жарылысты жасағандардың пиғылы әлі анықталмады деп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG