Accessibility links

Израиль Түркияның елшісін шақырып алды


Израиль сыртқы істер министрі түркиялық телеарнаның балаларды өлтіріп жатқан израиль әскерін көрсеткеніне наразылық танытып Иерусалимдегі Түркия елшісін өзіне шақырды.

Израиль Сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде, министр Авигдор Либерман Түркияның мемлекеттік телеарнасы ұсынған бағдарлама Израилге қатысты жеккөрушілік пен арандатушылықты көрсеткен деген.

Түркия билігі бұған қатысты пікір білдірмеді. Бұл жанжалды оқиға өткен аптада Түркия әскери жаттығуларына израилдік ұшқыштың қатысуына қарсылық ретінде оқу жаттығуларын кейінге қалдырған соң болып отыр.

Израиль мен Түркия бірнеше жылдар бойы қорғаныс саласында жақын байланыста болған. Бірақ екі елдің қарым-қатынастары Израилдің өткен жылы желтоқсан-қаңтар айларында Газадағы исламшыл жауынгерлерге қарсы Палестинаға әскери соққы берген соң бұзылған болатын. Ол қақтығыста жүздеген палестиндік қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG