Accessibility links

Армения мен Түркия жетекшілері футбол ойыны прогрестің дәлелі деді


Армения мен Түркия арасындағы жаулық қарым-қатынасты тоқтатып, ондаған жылдар бойы тоқтап қалған байланыстарын қайта жандандырудағы шаралардың бірі ретінде екі елдің президенті ұлттық құрамаларының футбол ойынына бірге барды.

Президент Серж Саргсян мен оның түркиялық әріптесі Абдулла Гүл сәрсенбі күні Бурса қаласында түрік-армян командасының өзара ойынына жанкүйер болды.

Бұл жарыста Түркия 2-0 есебімен Арменияны жеңді.

Бұл футбол ойыны Арения мен Түркия шекараларын ашып, екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасын қайта құру жөнінде Цюрихте келісімге қол қойған екі күннен кейін болып отыр.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG