Accessibility links

Румыния президенті жаңа премьерді атады


Бүгін Румыния президенті Трайан Басеску экономист Лучиан Кроиторуді премьер министр ретінде ұсынды.

Сейсенбі күні үкіметке сенімсіздік танытып, орталық оңшылдар үкіметі Эмиль Бок үкіметі таратылған болатын.

Қазіргі таңда Румыния орталық банкінің басшысына кеңесші болған Кроитору оның алдында Халықаралық валюта қорының Румыниядағы өкілі болған.

Румыния президенті Басеску сонымен қатар Халықаралық валюта қоры Бухарестегі миссиясын жаңа үкімет басшысы мақұлданғанша, тоқтатып қойғанына тоқталды.

Аталмыш қаржы қорының өкілдері алдағы апталарда Румынияға барып, 30 млн. доллар көмекке қатысты прогресті талқыламақшы.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG