Accessibility links

Пана іздеген қырғызстандық еліне күштеп қайтарылуы мүмкін


Құқық қорғаушы ұйымдар БҰҰ-ның босқындар ісімен айналысатын кеңсесі мен Қазақстанның Бас прокуратурасына қайрылып, Ресей билігі экстрадициялаған қырғызстандық Абдулрасул Мамарахимовты күштеп еліне қайтармауды Қазақстаннан сұраған.

Сәрсенбі күні Тараз қаласында қамауда отырған Мамарахимовты Қазақстан Қырғызстанға тапсыруы мүмкін деп Мәскеудегі құқық қорғаушыМемориал ұйымы алаңдап отыр.

Қырғызстанның Ош облысы, Ноқат ауданының тұрғыны 1961 жылғы Абдулрасул Мамарахимовке 2008 жылдан бері ұлтаралық, діни араздық тудырды деген айыппен іздеу жарияланған.

Ол 2008 жылдың басынан Ресейде нәпақа табумен жүрген. Қырғызстан билігі оның «Хизб ут-Тахрир» ұйымымен байланысы бар деп біледі.
XS
SM
MD
LG