Accessibility links

Экологтар сотында судьяға жедел жәрдем шақыртылды


Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы басшыларына қарсы үш айдай уақыт жүріп жатқан сот процесі аяқталған еді.

Бүгін үкім шығару үшін айыптау қортындысымен таныстыру жүріп жатыр. Оны оқыған судья Ерлан Тасыровтың жүрегі ұстап, жедел жәрдем шақыртқан соң, қайтадан айыптау қортындысын оқуға кіріскен. Қазір 100 беттік айыптау қортындысы әлі оқылып жатыр.

Бұрынғы экология министрі Нұрлан Ысқақов пен оның екі орынбасары Әлжан Брәлиев және Зейнолла Сәрсембаевқа жемқорлық бойынша, мемлекетке 1,172 млн теңге шығын келтірді деген айып тағылған. Бұрынғы басшылар өздеріне тағылған айыпты мойындамайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG