Accessibility links

Бес елдің президенттері ҰҚШҰ-ның кешенді жаттығуларын бақылауда


ҰҚШҰ-ға мүше бес елдің президенттері бүгін Жамбыл облысындағы өтіп жатқан Жедел әрекет етуші ұжымдық күштерінің оқу-жаттығуларын бақылауда, деп хабарлайды Мәтібұлақ әскери полгионынан Азаттық тілшісі.

Оқу-жаттығуларын бақылауға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Армения президенті Серж Саргсян, Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев, Ресей президенті Дмитрий Медведев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ, Беларусь қорғаныс министрі Леонид Мальцев келген.

Сонымен қатар әскери оқу-жаттығуларының өту барысын қадауғалауға ҰҚШҰ-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері мен ұйымның Бас хатшысы Николай Бордюжа қатысуда.

Өзбекстан президенті бұл оқу-жаттығуларды көруге келген жоқ. ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Өзбекстан оқу-жаттығуларға әскерін жібермеген.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG