Accessibility links

«АТФБанк»: 2010 жылы банктердің ішкі қаржыландыруға тәуелділігі артады


«АТФБанк» акционерлік қоғамының сарапшылары 2010 жылы банктердің ішкі қаржыландыру капиталдарына тәуелділігі артатынын айтуда. Банктің сараптамалық шолуында айтылғандай, келесі жылы банктердің ішкі капитал үшін бәсекелестігі қыза түспек.

«2008 жылдың шілдесі мен 2009 жылдың шілдесі аралығында корпоративтік қарыздарды шығару 57%-ға шығып кеткен, өйткені банкті сырттан қаржыландыру азайып кеткен. Құнды қағаздарды сату мен банктің жиынтық қарыздарының күрт өсуі банктің ішкі қаржылық нарыққа тәуелділігін көрсетеді», — делінген банк таратқан ақпаратта.

Құнды қағаздар операциясының үлесі мен банк қарыздары 2008 жылдың мамыры мен 2009 жылдың мамыр айы аралығында 5,5% -дан 14,1%-ға өсіп кеткен.
XS
SM
MD
LG