Accessibility links

Экология министрлігінің бұрынғы басшыларына қатысты сот үкімі шықты


Бүгін Астана сотында Экология және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы басшыларына сот үкімі шығарылды.

Сот экс-министр Нұрлан Ысқақовты Қылмыстық кодекстің 307 бабының 4 бөлігі бойынша айыпты деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімімен сондай-ақ бұрынғы вице-министр Әлжан Брәлиев 2 жыл мерзімге шартты жазаға кесілсе, «Меркурий Плюс» компаниясының өкілі Әділбек Жайылғанов алты жыл мерзімге бас еркіндігінен айырылды.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы басшылары жемқорлық қылмыс бойынша айыпталған болатын. Үкім шыққан соң Нұрлан Ысқаков сот залында журналистерге үкіммен өзінің келіспейтіндігін айтып, апелляциялық шағым жазатынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG