Accessibility links

Ауғанстанда президент сайлауы қайта өтеді делінеді


Ауған сайлауларындағы заңбұзушылықтарды тергеген комиссия қазіргі президент Хамид Карзайдың жинаған дауыстары 50 пайыздан аз болып шықты деп хабарлады. Washington Post басылымының мәліметінше, сайлаудағы шағымдарды қараған комиссия тамыздың 20-дағы сайлауда Карзайдың тек 47 пайыз дауысқа ғана қол жеткізгені анықталды деген. Енді Карзай мен оның негізгі қарсыласы бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла сайлаудың екінші кезеңіне түседі деп хабарланып отыр.

Халықаралық комиссия сайлау туралы өзінің қорытындыларын сенбі күні жариялайды деп күтілуде. Сайлаудың бастапқы нәтижесіне қарағанда, Карзай шамамен 54.6 пайыз дауысты иеленіп, жеңіске жеткен.
XS
SM
MD
LG