Accessibility links

Құқық қорғаушылар Қазақстаннан қырғызстандық босқынды еліне бермеуді сұрайды


Құқық қорғау ұйымдары БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасы мен ҚР Бас прокуратурасына босқын мәртебесін сұрап жүрген Қырғызстан азаматы Абдулрасул Мамарахимовты Отанына қайтармауды сұрап өтініш жасады.

Тараздағы уақытша қамау абақтысының қызметкерлері Мамарахимовтың қазір сол мекемеде екендігін, Қазақстан жағы оны алып кетуге Қырғызстаннан конвойды күтіп отырғанын жұма күні Азаттық тілшісіне растады.

Адам құқығын қорғаушылардың айтуынша, ресейлік заң қызметкерлері оны ұрып-соққаннан кейін сол елден мәжбүрлі түрде шығарған.

Қырғызстанның Ош облысы Ноокат ауданының тұрғыны Абдулрасул Мамарахимовке 2008 жылдың 21 қаңтарында іздеу салынған. Оған Қырғызстан Қылмыстық Кодексінің 299-бабының 2-тармағы бойынша (ұлттық, нәсілдік, діни алауыздық тудыру) айып тағылған.

«Хизб ут-Тахрир» ісі бойынша бұрын сотты болған Мамарахимовтің өткен жылғы қазанда болған «Ноокат оқиғасына» да қатысы бар күдіктелуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG