Accessibility links

Аустралияда 5 күдікті лаңкестікте айыпталды


Аустралияда исламшыл бүлікшілердің лаңкестік шабуылдарына көмектесті деген айыптар бойынша 5 адам айыпты деп табылды. Сидней алқабилер соты бір ай бойы ойланып, жұма күні әлгі азаматтарды бомба жасау үшін химикалық заттар мен нұсқауға ие болды деген айыптар бойынша айыпты деп тапты. Сотқа тартылып отырған 5 азаматтың әрқайсысы өмірлік бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Осыдан бір жыл бұрын басталған сот барысында прокурорлар әлгі бес азаматты Аустралия үкіметінің Таяу Шығыстағы саясатын өзгерту мақсатында зорлық-зомбылық әрекеттерін жасамақшы болды деп айыптады.

Аустралияның Ирақ пен Ауғанстанда әскерилері бар. Айыпталушылар 2005 жылы рейд барысында қамауға алынған болатын.

Прокурорлардың айтуынша, айыпталушылардың біреуі Пәкістандағы лаңкестердің жаттығу лагерінде болған.
XS
SM
MD
LG