Accessibility links

Сербия мен АҚШ 2.8 тонна кокаинді тәркіледі


Сербия мен АҚШ агенттері Еуропада сатылмақшы болған 2.8 тонна кокаинді тәркіледі деп хабарланып отыр. Сербия ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сербияның ұлттық қауіпсіздік кеңесі ірі көлемдегі есірткі халықаралық сулардағы кемеде табылып, тәркіленді деген. Ресмилер тәркіленген кокаиннің құны 120 миллион еуро деп бағалап отыр.

Белградтағы "Блиц" газетінің хабарлауынша, осы оқиғаға байланысты бірқатар күдіктілер қамауға алынған, олардың дені серб азаматтары.

Бұл рейдке АҚШ-тың есірткімен күрес агенттігі мен серб агенттері қатысты делінеді.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG