Accessibility links

Ауғанстанда 4 АҚШ сарбазы қаза болды


Ауғанстанның оңтүстігінде орын алған жарылыстан 4 американдық сарбаз қаза тапты. НАТО-ның халықаралық қауіпсіздік күштері бейсенбі күнгі жарылыстан 4 жауынгердің құрбан болғандығын хабарлады. Бұл туралы басқа егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді.

Сонымен осы айда Ауғанстанда көз жұмған американдық сарбаздардың саны 25-ке жетті.
XS
SM
MD
LG