Accessibility links

Ирақ мешітіндегі шабуылдан 8 адам мерт болды


Ирақтың солтүстігіндегі Нейноуа өлкесінде орын алған жанкештілік шабуылдан кемінде 8 адам қаза тауып, шамамен 30 кісі жарақат алды. Полицияның хабарлауынша, жұма күні бір кісі Талафар қаласындағы сунниттердің мешітінде өзін-өзі жарып жіберген, дәл сол кезде имам жұма намазын оқуды бастаған болатын.

Мосул қаласының жанындағы Талафарда негізінен түркмендер тұрады.
XS
SM
MD
LG