Accessibility links

Тәуелсіз басылымдардың редакторлары Астанада наразылық шарасын өткізді


Жұма күні Астанада шетелдік дипломатиялық миссияның өкілдерімен кездескен бірқатар тәуелсіз басылымдардың редакторлары, Қазақстанның үкімет үйі, парламенттің алдында «Жан айқайы» деп аталатын наразылық акциясын өткізді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Бет-ауыздарын дәкемен тұмшалаған журналистер өздерін ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке қабылдауын талап етті.

«Президентке елдегі тәуелсіз БАҚ-тың ахуалы жайында ашық айтамыз» деді журналистер. Ал егер президент кездесуден бас тартса, батыс елдеріне дейін барып, наразылық акцияларын өткізетіндерін айтты. Наразылық шарасына «Жас Алаш», «Тасжарған», «Алма-Ата инфо», «Республика» және «Азат» газеттерінің өкілдері қатысты.

Олар осыған дейін де президент Назарбаевтың атына өздерін қабылдауды сұрап ресми хат жолдаған болатын. Алайда, оған күні бүгінге дейін жауап алмаған.
XS
SM
MD
LG