Accessibility links

Ресей ДСҰ-на бірыңғай одақ ретінде мүше болу ұмтылысынан бас тартты


Ресейдің сауда бойынша бас мәмілегері Максим Медведковтың мәлімдеуінше, Мәскеу Дүниежүзілік сауда ұйымына жеке мемлекет ретінде мүше болуға ұмтылады.

Осы жылдың басында Ресей премьер-министрі Владимир Путин Мәскеу Беларусь және Қазақстан елдерімен бірге бірыңғай кеден одағы ретінде аталған ұйымға мүше болуға тырысатынын айтқан болатын.

Дүниежүзілік сауда ұйымына бірыңғай одақ болып мүшелікке ұмтылу көптеген проблемалар туғызады деді Медведков.
XS
SM
MD
LG