Accessibility links

Пәкістан талибандарға қарсы операциясын бастады


Бүгін Пәкістан күштері елдің Ауғанстанмен шекаралас аймағы талибандар бақылауындағы Оңтүстік Вазиристанда әскери шабуылын бастады.

Бұл операциялар әскери билік Вана ауданында комменданттық сағат орнатқаннан кейін болып отыр. Соңғы бірнеше айларда Пәкістан әскерилері бұл аймақтағы талибан содырларына әуеден соққы беріп келген.

Оның салдарынан мыңдаған бейбіт тұрғындар қорғанып, басқа аймаққа көшіп кетті.

Және бүгінгі операциялар соңғы екі аптада талибан жасақтарының 160 адамды өлтірген түрлі шабуылдарынан кейін болып отыр.
XS
SM
MD
LG