Accessibility links

Косово Македониямен шекара келісімін жасады


Косово үкіметі өздерінің Македониямен даулы шекара мәселесін шешкенін мәлімдеді.

Бірнеше шақырымға созылған шекара келісімі соңғы айлардағы келіссөздерден кейін Косово мен Македония арасында дипломатиялық байланыстар орнатуға әкеледі деп күтілуде.

Ассошейтед пресс агентігі Косово үкіметі таратқан мәлімдемеге сілтеме жасап, бұл келісім Косовоның мемлекеттігін мықтап, аймақтық ынтымақтастық пен тұрақтылықты күшейтеді деп отыр.

Еуропа Одағының айтуынша, бұл келісім аймақтағы тұрақтылықты жақсартуға бастаған тарихи қадам болып табылады.

Бұларада Косоводағы АҚШ елшілігі аталмыш келісім екі ел арасында толық дипломатиялық байланыс орнатуға бастайды деді.

Косово өткен жылы Сербиядан бөлініп, тәуелсіздігін жариялаған болатын. Содан бері 62 мемлекет Косово тәуелсіздігін мойындады.
XS
SM
MD
LG