Accessibility links

Түркменстан өз газын делдалсыз сатқысы келеді


Түркменстан өзінің табиғи газын сатып алушылардың оны үшінші тарапқа сатуына тыйым салуды жоспарлап отыр.

Вице-премьер Баймұрат Ходжамұхамедов бұл туралы жұма күні мәлімдеп, түркмен үкіметі өз газын араға делдал салмай сатқысы келеді деген.

Бұл мәлімдеме Түркменстан Ресеймен жаңа газ экспорты келісімін жасауға жақын қалған тұста айтылып отыр. Түркменстанның Ресейге экспорты сәуір айында құбыр жолындағы жарылыстан кейін тоқтап қалған.

Түркмен елі жылына 80 текше метр табиғи газ өндіреді.

Желтоқсан айында Ашхабад Қытай мен Үндістанға екі жаңа құбыр арқылы газ тасымалдауды бастайды.

Еуропа Одағы да Набукко құбыр жолы жобасы арқылы түркмен газына қол жеткізуді көздеп келеді. Бұл Набукко жобасы Ресейді айналып өтіп, Каспий газын Еуропаға тасымалдамақшы.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG