Accessibility links

"Автоваз" жұмысшылары қысқартуға наразылық білдірді


Ресейдің көлік шығаратын ірі 'Автоваз" компаниясының бірнеше жүздеген жұмысшылары Тольятти көшелеріне шығып, жұмыстан қысқарту шараларына қарсылықтарын танытты.

Шерушілердің қатарында "Автоваз" қызметкерлері мен оларды қолдаушы топтар бар. Олар қолдарына "Автоваз"-дың жабылуына қарсы ұрандар алып шыққан.

Өткен айда "Автоваз" компаниясы экономикалық дағдарыстан шығу мақсатында 100 мың жұмыс күшінің 27 600-ін қысқартатынын хабарлаған.
XS
SM
MD
LG