Accessibility links

Иран оппозициясы күш көрсету бізді тоқтатпайды деді


Бүгін Иран оппозициясының жетекшілері биліктің күш қолдануы сайлаудан кейінгі қарсылықтар мен демократиялық өзгерістер үшін қойылған талаптарды тоқтата алмайды деді.

Оппозиция жетекшісі Мир Хоссейн Мусави мен бұрынғы президент Мохаммад Хатами өз вебсайттарына шығарған мәлімдемелерінде, оппозицияны басу үшін қолға алынған қауіпсіздік ахуалы жетекші жүйеге деген халықтың сенімін бұзады деді. Олар күш қолдану режимді өзгерткісі келетіндерді қанаттандыра түседі деген.

Оппозицияның айтуынша, президент Махмуд Ахмадинежад маусымның 12-дегі дауыс беруде бұрмалаушылықпен қайта сайланды.

Сайлаудан кейінгі наразылық шеруіне шыққан мыңдаған адам қамауға алынып, кемінде 72 адам өлтірілді дейді оппозиция өкілдері. Иран үкіметі болса, шеру кезіндегі қақтығыста тек 30 кісі қаза тапқан деп отыр.
XS
SM
MD
LG