Accessibility links

Иран сақшыларына қарсы қанды шабуыл жасалды


Иран Революциялық сақшыларының екі қолбасшысы мен 20 шақты адам белгісіз қарулы топтың шабуылынан қаза тапты.

Құрбан болғандардың бірі Иран сақшылары басшысының орынбасары генерал Ноурали Шоуштари бастаған сақшылар елдің оңтүстік-шығысындағы Пишин қаласында тайпа жетекшілерімен кездесуге бара жатқанда шабуылға тап болған.

Иранның IRNA ақпарат агентігінің хабарлауынша, шабуылдан тайпа жетекшілері де қаза тапқан. Иранның Систан-Белуджистан аймағы Ауғанстан мен Пәкістан шекарасына жақын орналасқан провинция.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG