Accessibility links

Иран оппозициясы реформа жолы жалғасады деді


Иранның оппозициялық жетекшісі Мир Хоссейн Мусави ислам елінде адамдардың талаптары ескерілмей отырғандықтан, реформа қозғалысы жалғасатын болады деп айтты.

Оның бұл сөздерін Калеме вебсайты жариялап, онда Мусави оппозиция қолдаушылары көтерілісшілер емес және әлі де қамауда отырғандар тезірек шығарылуы керек деді.

Ол президент Махмуд Ахмадинежадтың қайта сайлануына наразылық танытқан оппозициялық шеруді Иран үкіметінің басып-жаншығанына тоқталып отыр.

Ел оппозициясы маусымның 12-дегі президенттік сайлау бұлмалаушылықпен өтті десе, Иран билігі оны қабылдамайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG