Accessibility links

Пәкістан: Вазиристанда 60 талибанды өлтірдік


Пәкістан армиясы талибандарға қарсы Оңтүстік Вазиристанда басталған операцияларының алғашқы тәулігінде 60 талибандық жауынгерді өлтіргенін мәлімдеді.

Жексенбі күні таратылған хабарламада, бұл шайқас кезінде тағы пәкістандық 6 сарбаз қаза тапқаны айтылған.

Сенбі күні соғыс ұшақтарының қолдауымен құрлықтағы мыңдаған Пәкістан күштері Оңтүстік Вазиристандағы талибандарға қарсы шабуылын бастаған. Ол жерде әлі де қақтығыс жүріп жатыр.

Бұл операцияның мақсаты – аймақтағы талибан мен әл-Қаида жасақтарын құрту болып табылады.

Соңғы екі аптада Пәкістандағы талибандар шабуылынан 175 адам құрбан болды.
XS
SM
MD
LG