Accessibility links

Ахмадинежад Ирандағы жарылысқа Пәкістанды айыптап отыр


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад Пәкістанды Иранның шығысында орын алған жарылысты тексеруде ынтымақтасуға шақырды. Жексенбі күні болған жарылыс салдарынан 35 адам құрбан болды, дені Ислам революциясы күзет корпусының мүшелері.

Ирандық БАҚ-тың келтірген деректеріне қарағанда, Ахмадинежадта жарылыстың дайындығына пәкістандық арнаулы қызмет өкілдері қатысты деген ақпарат бар. Пәкістанның Теһрандағы елшісіне қарсылық білдірілді, Пәкістан үкіметінің ресми көзқарасы жөнінде хабарланған жоқ.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG